Беларусь Ресей әскерін Украинамен арадағы шекарасына орналастыра бастады

Александр Лукашенко Ресей мен Беларусьтің бірлескен әскері Украинамен арадағы шекараға орналасатынын мәлімдеген


17/10/2022
14:34 26614 0

Беларусь шекараға «аймақ тобы» әскерінің тоғыз мыңға жуық жауынгерін орналастырған. Қорғаныс министрлігі бұл әскерлер шекараны қорғауға қажет екенін мәлімдеді.

 

Беларусь қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы Валерий Ревенконың сөзінше, Ресей әскерінің алғашқы эшелоны Беларуське келген. Бұл жөнінде ол Твиттер парақшасына жазды.

 

Өткен аптада Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей мен Беларусьтің бірлескен әскері Украинамен арадағы шекараға орналасатынын мәлімдеген. Ол Украина мен Батыс елдерінен қауіп төніп тұрғанын айтқан. Бірақ оған ешқандай дәлел келтірмеген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2022 14:34
26614 0

Уведомление